Экономика • 27 Қыркүйек, 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ: Маңғыстау облысы – инвестиция құю ісінде басымдыққа ие өңір

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтіп, онда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баянда­ма жа­сады.

«Самұрық-Қазына» АҚ:  Маңғыстау облысы – инвестиция құю ісінде басымдыққа ие өңір

Өз сөзінде Қор басшысы «Самұрық-Қазына» тобы үшін Маңғыстау өңірінің орны ерекше екенін атап көрсетті. Облыс­та­ғы 40 кәсіпорын – Қордың енші­лес компания­лары. Құйылған инвес­ти­циялардың жалпы сомасы 790 млрд теңгеден асып жы­ғылады.

Қазіргі таңда Қор бұл өңірде ірі инвес­ти­­циялық жобаларды іске асырып жатыр:

  • Қаражанбас кен орнында суды тұщы­лау қондырғысының құрылысы;
  • Жаңаөзен қаласында газ өңдеу за­уы­ты­­ның құрылысы;
  • Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырын күр­де­лі жөндеуден өткізу;
  • Құрық портында паром кешенінің құрылысын аяқтау.

2021-2024 жылдары Қор тобымен жалпы құны 674 млрд теңгеден асатын жаңа инвес­т­ициялық жобалар жүзеге асы­рыл­мақ.

Қор бұл өңірде қайырымдылық шараларын жиі өткізеді. Соңғы жылдары ден­саулық сақтау, білім беру және спортты да­мыту салаларында жалпы құны
1 миллиард теңгеден асатын 16 жоба іске қосылды. Биыл Жаңаөзен қаласында 10 млрд теңгеге бағаланатын заманауи медицина орталығының құрылысы аяқталады.

Бұған қоса спорттық және балалар ойын алаңдары ашылды. Мектеп ав­тобус­тары мен жедел жәрдем көліктері сатып алынды. Мұнай-газ саласының ардагер­ле­ріне де үнемі көмек көрсетіледі. Жыл соңына дейін Жаңаөзен қаласында спорт кешені жабдықталып, Ақтау қаласында оңалту орталығы есігін айқара ашады.

Әлеуметтік тұрақтылық мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінуде.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы және ведомствоаралық комиссиямен еңбек дау­ларын шешу жолында белсенді жұмыс атқарылып келеді:

  • Қор жанынан әлеуметтік тұрақтылық­тың жедел штабы құрылды;
  • Мердігер компаниялармен келіссөз­дер жүргізілді;
  • Қызмет көрсету құнын еңбекақыны тө­мен­дету есебінен азайтуға жол бермейтін тиімді бірлескен механизмдер әзірленді;
  • Қордың сатып алулар жүйесіне өзге­ріс­тер енгізілді.