Коронавирус • 27 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам көз жұмды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам көз жұмды

Оның 30-ы КВИ инфекциясынан, 11-і пневмониядан қайтыс болған.

27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (–55 042 + және 8 803 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр,
  • 222 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.