Оқиға • 27 Қыркүйек, 2021

Қостанайда диірмен өртенді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт 26 қыркүйекте Қостанайдың Узкоколейная көшесіндегі индустриалды аймақта болған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, диірмен өртеніп кетті, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда диірмен өртенді

Өрт сөндірушілерге хабар сағат 15.07-де түскен. Мамандар оқиға орнына жеткенше өрттің аумағы шамамен 200 шаршы метрт жерді шарпып үлгерген.

Ғимараттың шатыры толығымен жанып кеткен. Қатты желдің әсерінен жалын төбеге тез тарап, кейін қоймаға  іргелес орналасқан аумақты да жалын шарпыды.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің 57 қызметкері мен 11 арнайы техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге «Қостанай СУ» МКК, «Резерв» РМК мен «Қазақстан темір жолы» АҚ күштері мен құралдары атсалысты.  

Мамандар сағат 16:51-де өрттің бетін қайтарды. Ал оны түбегейлі сөндіру үшін қосымша бір сағат қырық минут уақыт кеткен.  Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.