Хоккей • 27 Қыркүйек, 2021

ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 36 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» бұдан елордада Ресейдің «Сибирь» командасын овертаймда 2:1 есебімен басым түсті. Ал «Автомобилист» Екатеринбургте Челябинскінің «Тракторына» буллиттен 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы сегіз кездесудің небәрі үшеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Автомобилист» 12 ұпаймен 10-орында тұр.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024