Спорт • 27 Қыркүйек, 2021

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалда Иранмен ойнайды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалда Иранмен ойнайды

Ирандық құрама 1/8 финалда Өзбекстан құрамасын 9:8 есебімен тізе бүктірді. Ал Қазақстан жарыстың аталған сатысында Таиландтан 7:0 есебімен басым түсті.

Кездесу бүгін елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия Марокконы 1:0 есебімен жеңсе, Ресей Аргентинаға қосымша кезеңде 1:2 есебімен жол берді.

Осылайша жартылай финалдағы алғашқы жұп анықталып, онда Аргентина мен Бразилия сынға түспек. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45

Кәсіптің өзгерген келбеті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:40

Қоныстой қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:25