Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Ембі қаласынан Юбилейное кенті бағытында келе жатып жол апатына ұшыраған.
«Ваз-2110» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың сол жағына қарай аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіні ереже сақтауға шақырады», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.