05 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №227-нқ

240 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін

2013 жылғы 26 шілде,  Астана қаласы

«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3908 нөмірмен тiркелген «Ресми газетте» 2005 жылғы 26 қарашада № 49 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Рес­публикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С. П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Төраға М.ОСПАНОВ. «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі _____________________Ұ. Қарабалин 2013 жылғы 16 тамыз «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушы ___________________Ж. Жарқынбаев 2013 жылғы 25 шілде «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушы ________________М. Құсайынов 2013 жылғы 9 тамыз Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №227-НҚ бұйрығымен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Кағидалар) қызметтердің реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер есебінің, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметалар әзірлеудің және тарифтер есептеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъектілер немесе мұнай тасымалдаушы ұйымдар) бөлек есеп жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Бөлек есеп реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау мен қорыту жүйесін, сондай-ақ мұнай тасымалдаушы ұйымдарының табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) мерзімді қарауын және ұсынуын білдіреді. 3. Бөлек есептің негізгі қағидаттары: 1) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтерге тікелей жатқызуға мүмкіндік болған кезде тікелей жатқызу басымдығы; 2) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тиісті қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің олар байланысқан сол бір қызметтермен себеп-салдарлық байланыстарының негізінде бөлу; 3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық; 4) ұсынылған ақпараттың пайдасы мен оны алуға шығындар арасындағы теңгерім; 5) есептіліктің негізгі мақсатын орындауға арналған сапалық сипаттамалар арасындағы теңгерім. 4. Мұнай тасымалдаушы ұйымдарының бөлек есеп жүргізуі реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес бөлінуін қамтамасыз етуге тиіс. 5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) бөлу базасы - шығындар, қолданысқа енгізілген активтер, негізгі құралдардың топтары мен қызметтер арасындағы тәуелділікті көрсететін көрсеткіш; 2) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтерді (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын бөлу базасының негізінде бөлінетін шығындар; 3) бірлескен қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтерді (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын бөлу базасының негізінде бөлінетін қолданысқа енгізілген активтер; 4) жалпы шығындар - барлық қызметтерді ұсынумен байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын бөлу базасының негізінде бөлінетін шығындар; 5) жалпы қолданысқа енгізілген активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынумен байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын бөлу базасының негізінде бөлінетін қолданысқа енгізілген активтер; 6) қолданысқа енгізілген активтер - негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді қамтитын белгілі бір қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мұнай тасымалдаушы ұйымының активтері; 7) қызметтерге жанама шығындар - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдарлық байланыстары бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмаған, бірақ қызметтерге белгілі бір бөлу базасының негізінде бөлінген шығындар; 8) қызмет бағыттарының элементтеріне жанама шығындар - қызмет бағыттарының бірнеше элементтерімен бір мезгілде себеп-салдарлық байланыстары бар, сондықтан да белгілі бір қызметке не қызмет бағыттарының элементіне тікелей және бір мәнді жатқызылмаған , бірақ қызмет бағыттарының элементтеріне белгілі бір бөлу базасының негізінде бөлінген шығындар; 9) қызметтер көрсету кезіндегі жанама қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдарлық байланыстары бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмаған, бірақ қызметтерге белгілі бір бөлу базасының негізінде бөлінген қолданысқа енгізілген активтер; 10) қызмет бағыттарының элементтеріне жанама қолданысқа енгізілген активтер - қызмет бағыттарының бірнеше элементтерімен бір мезгілде себеп-салдарлық байланыстары бар, сондықтан да белгілі бір қызметке немесе қызмет бағыттарының элементіне тікелей және бір мәнді жатқызылмаған, бірақ қызмет бағыттарының элементтеріне белгілі бір бөлу базасының негізінде бөлінген қолданысқа енгізілген активтер; 11) қызмет бағыттары - қызметтер көрсетуге дербес те, бір бірімен өзара іс-қимылмен де қатысатын қызметтер өндірудің белгілі бір процестерінің жиынтығы; 12) қызмет көрсететін процестер - нәтижесі өндірістік процестерге және менеджмент процестеріне қызмет көрсету болып табылатын қызметтер өндіру процестері; 13) қызметтер өндіру процестері - мұнай тасымалдаушы ұйымының қызметіндегі белгілі бір іс-әрекеттердің бірізділігі, түпкілікті мақсаты қызметтер көрсету үшін оның ресурстарын пайдалану. Қызметтер өндіру процестері мынадай топтарға бөлінеді: өндірістік процестер, қызмет көрсететін процестер, менеджмент процестері; 14) қызметтерге арналған тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей байланысы бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей жатқызылған шығындар; 15) қызмет бағыттарының элементтеріне арналған тікелей шығындар - қызмет бағыттарының белгілі бір элементімен тікелей байланысы бар, сондықтан да қызмет бағыттарының белгілі бір элементіне тікелей жатқызылған шығындар; 16) қызметтер көрсету кезінде тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызметпен тікелей байланысы бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей жатқызылған қолданысқа енгізілген активтер; 17) қызмет бағыттарының элементтеріне тікелей қолданысқа енгізілген активтер - қызмет бағыттарының белгілі бір элементімен тікелей байланысы бар, сондықтан да қызмет бағыттарының белгілі бір элементіне тікелей жатқызылған қолданысқа енгізілген активтер; 18) қызмет бағытының элементтері - қызметтер, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын, кейін реттеліп көрсетілетін қызметтер түрлеріне және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтерге бөле отырып, олардың құнын және олармен байланысты шығындарды бағалау және бөлу үшін біріктірілген негізгі құралдар тобы. 19) менеджмент процестері - кәсіпорынның қызметін талдауды, барлық кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіруді қамтитын қызметтерді өндіру процестері; 20) мұнай тасымалдаушы ұйым - меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық мұнай құбыржолдарына, олардағы құрылыстарға ие, осы мұнай құбыржолдары арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін көрсететін ұйым; 21) өндірістік процестер - қызметтерді өндіруге және көрсетуге тікелей бағытталған процестер; 22) сыртқы қызметтер - мұнай тасымалдаушы ұйымдарының қызметтері, оның ішінде сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілмейтін қызметтер; 23) трансферттік төлемдер - көрсетілген ішкі қызметтер көлемнің құндық көрінісі; 24) трансферттік таксалар - көрсетілген ішкі қызметтердің бірлігіне шығындардың құндық көрінісі; 25) шартты кірістер - ішкі қызметтер көлемін трансферттік таксаға көбейту жолымен анықталатын көрсетілген ішкі қызметтер құны; 26) ішкі қызметтер - мұнай тасымалдаушы ұйым қызметінің бір бағыттарында өндірілетін және осы ұйым қызметінің басқа бағыттарында сыртқы қызметті одан әрі көрсету мақсатында тұтынылатын қызметтер; 27) экономикалық ресурстар - өндірістік-шаруашылық қызметте пайдаланылатын табиғи (шикізат, геофизикалық), еңбек (адам капиталы), капиталдық (нақты капитал - негізгі құралдар) айналым қаражаттары (материалдар), ақпараттық ресурстар, қаржы ресурстары (ақша капиталы) болып бөлінетін көздер, қаражат жиынтығы; 28) экономикалық негізделген шығындар - мұнай тасымалдаушы ұйымының операциялық (қалыпты) қызметін, қолданысқа енгізілген активтерге салынған қолданыстағы капитал және қолданысқа енгізілген активтерді ұдайы өндіруге амортизациялық аударымдар бойынша өтеуді қамтамасыз етумен байланысты мұнай тасымалдаушы ұйымының шығындары. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады. 6. Жанама шығындарды және жанама қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтерге бөлу үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарының кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері қызмет бағыттары бойынша топтастырылады. 7. Қызмет бағыттарының мынадай түрлері бөлінеді: 1) мұнайды тасымалдау; 2) өзге де қызмет. Мұнай тасымалдаушы ұйымдардың қызмет бағытының схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшсында көрсетіледі. Қызмет бағыттарының бөлінген түрлері ең аз болып табылады және қажет болған жағдайда кеңейтілуі мүмкін. 8. «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағыты мұнайды тасымалдау қызметтерін көрсету процесте­ріне байланысты. «Мұнайды тасымалдау» қызметінің бағыты ішкі және сыртқы қызметтерді көрсетеді. Ішкі қызметтерге «Өзге қызмет» қызметі бағыты үшін көрсетілетін сумен жабдықтау, электр энергиясымен жабдықтау, электр энергиясын беру және тарату, жылу энергиясымен жабдықтау және басқа да қызметтер жатқызылады. Сыртқы қызметтерге мына қызметтер жатады: 1) мыналарды қамтитын мұнай айдау қызметтері: мұнайды айдау жөніндегі жалпы қызметтер; тұтқыр мұнайды айдау жөніндегі арнайы қызметтер; 2) мұнайды қабылдау-тапсыру жөніндегі қызметтер; 3) мұнайды тасымалдауға байланысы жоқ мұнайды сақтау жөніндегі қызметтер; 4) мұнайдың коммерциялық сапасын көтеру мақсатында араластыру жөніндегі қызметтер; 5) мұнайды ауыстыру жөніндегі қызметтер; 6) мұнайды құйып алу - құю жөніндегі қызметтер. «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытының кірістері ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдер түріндегі шартты кірістерді және сыртқы қызметтер көрсетуден алынған кірістерді қамтиды. Сыртқы қызметтер көрсетуден алынған кірістер бастапқы құжаттар деректері бойынша анықталады. Ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдер көрсетілген ішкі қызметтердің көлемдеріне және осы қызметтер бойынша трансферттік таксаларға сүйене отырып анықталады. «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытының шығындары «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытының элементтерін пайдалануға, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге байланысты шығындарды және қызметтің басқа да бағыттарынан алынған ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерді қамтиды. «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері құрамына магистральдық мұнай құбыржолдары, катод қорғау станциялары, электр станциялары, қазандықтар, электр беру желілері және «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытында қолданысқа енгізілген басқа да активтер кіреді. 9. «Өзге қызмет» қызметінің бағыты сыртқы тұтынушыларға өзге де қызметтерді көрсетуді және өткізуді қамтамасыз ететін қызметтерді көрсету процестеріне байланысты. «Өзге қызмет» қызметі бағыты ішкі және сыртқы қызметтерді көрсетеді. Ішкі қызметтерге көрсетілген қызмет бағытының технологиялық процестерін қамтамасыз ету мақсатында «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағыты үшін көрсетілетін сумен жабдықтау жөніндегі қызметтер жатқызылады. Сыртқы өзге пайдаланушыларға «Өзге қызмет» қызметі бағытымен ұсынылатын сыртқы қызметтерге мыналар жатады: 1) жылу қазандықтарымен жылу энергиясын өндіру; 2) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату; 3) сумен жабдықтау қызметтері; 4) сыртқы тұтынушыларға мұнай тасымалдаушы ұйымдары ұсынатын қызметтердің басқа да түрлері. «Өзге қызмет» қызметі бағытының кірістері ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден алынатын шартты кірістерден және сыртқы қызметтер көрсетуден алынатын кірістерден тұрады. Сыртқы қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бастапқы құжаттардың деректері бойынша анықталады. Ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдер көрсетілген ішкі қызметтер көлемдеріне және осы қызметтер көрсетілген трансферттік таксаларға сүйене отырып анықталады. «Өзге қызмет» қызметі бағытының шығындары «Өзге қызмет» қызметі бағытының элементтерін пайдалануға, ұстауға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындардан және қызметтің басқа да бағыттарынан алынған ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден тұрады. «Өзге қызмет» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтерінің құрамына сыртқы тұтынушыларға қызмет көрсетуге және оны өткізуге байланысты активтер кіреді. 10. Кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша қызметтің әрбір бағытының шеңберінде жүргізіледі. 11. Мұнай тасымалдаушы ұйымдар осы Қағидалардың 8-9-тармақтарында көзделмеген қызметтерді көрсету кезінде оларды ішкі және сыртқы қызметтерге жатқызуды осы Қағидалардың 5-тармағының 22) және 26) тармақшаларында белгіленген ұғымдар негізінде дербес жүргізеді. 12. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін көрсететін табиғи монополия субъектісі үшін субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен алатын жылдық жиынтық кірісіндегі неғұрлым көп кірістердің үлесімен табиғи монополия саласының кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары қолданылады. 2. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құрылымы 13. Кірістерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу бөлек есептің негізгі қағидаттары ескеріле отырып жүргізіледі. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерінің жинақталған көлемдеріне және осы қызметтерге белгіленген бағаларға (тарифтерге) сүйене отырып анықталады. 14. Қызметтер көрсетуден алынатын кірістер бастапқы құжаттар деректерінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша тікелей жатады. 15. Бөлек есептің мақсаты үшін шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша ескеріледі. Егер сыртқы қызмет көрсету кезінде ішкі қызмет пайдаланылған жағдайда, онда реттеліп көрсетілетін қызметі шығындарының құрамында ішкі қызмет үшін трансферттік төлемдер ескеріледі. 16. «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытымен реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсыну бойынша шығындар «Өзге қызмет» қызметі бағытынан алынған ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетуге байланысты басқа да шығындардан жинақталады. 17. «Өзге қызмет» қызметі бағытымен реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсыну бойынша шығындар «Мұнайды тасымалдау» қызметі бағытынан алынған ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетуге байланысты басқа да шығындардан жинақталады. 18. Ішкі қызметтер түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер, егер реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде ішкі қызметтер пайдаланылған жағдайда бөлінеді. 19. Қолданысқа енгізілген активтерге қызметтің осы бағытында тікелей қолданысқа енгізілген активтер, сондай-ақ қызметтің басқа бағыттарынан алынған ішкі қызметтер көрсетуде қолданысқа енгізілген активтердің тиісті теңгерімдік құны жатады. 3. Қызметтердің түрлері бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібі 20. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер тікелей, жанама, бірлескен және жалпы болып бөлінеді. 21. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің сыртқы қызметтерімен тікелей байланысы болған жағдайда жасалған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын осындай сыртқы қызметтерге тікелей жатқызу жүргізіледі, жанама байланыстар болған жағдайда – жасалған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құны бөлу базасының негізінде жанама бөлінеді. Мұнай тасымалдаушы ұйымдар көрсететін қызметтерге шығындар мен активтерді бөлу схемасы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетіледі. Мұнай тасымалдаушы ұйымдар көрсететін қызметтерге шығындар мен активтерді бөлу схемасы бірізділікпен жүргізіледі: 1) бірінші кезеңде экономикалық ресурстар бойынша шығындар мен активтерді топтастыру оларды тиісінше экономикалық ресурстарға тікелей жатқызу және жанама бөлу жолымен жүргізіледі. Шығындар мен активтерді экономикалық ресурстарға бөлу базаларының үлгілері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 2) екінші кезеңде шығындар мен активтерді көрсетілетін қызметтердің тиісті процестеріне (өндірістік, қызмет көрсетуші, менеджмент) тікелей жатқызу және жанама бөлу экономикалық ресурстардың көрсетілетін қызметтердің осы процестерімен тікелей және жанама байланыстарын айқындау жолымен жүргізіледі. Экономикалық ресурстарды көрсетілетін қызметтердің процестеріне бөлу базаларының үлгілері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 3) үшінші кезеңде қызмет көрсету процестерімен байланысты шығындар мен активтерді өндірістік процестерге және менеджмент процестеріне тікелей жатқызу және жанама бөлу жүргізіледі. Қызмет көрсету процестерін өндірістік процестерге және менеджмент процестеріне бөлу базаларының үлгілері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 4) төртінші кезеңде өндірістік процестерге байланысты шығындар мен активтерді сыртқы қызметтерге және қызмет бағыттарының элементтеріне тікелей жатқызу және жанама бөлу жүргізіледі. Өндірістік процестерге байланысты шығындар мен активтерді ішкі және сыртқы қызметтерге және қызмет бағыттарының элементтеріне бөлу базаларының үлгілері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 5) бесінші кезеңде менеджмент процестеріне байланысты шығындар мен активтерден қызмет бағыттарының элементтеріне байланысты бірлескен шығындар мен активтерді бөлу және оларды бөлу базасының негізінде бөлу жүзеге асырылады; 6) алтыншы кезеңде шығындарды қызмет бағыттарымен көрсетілетін ішкі және сыртқы қызметтерге тікелей жатқызу мен жанама бөлу және қызмет бағыттары элементтері активтерінің қолданысқа енгізілу дәрежесін айқындау жүргізіледі. Қызмет бағыттарының элементтерін қызметтерге белгіленген бөлу базаларының ең аз тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 7) жетінші кезеңде ішкі қызметтерді тиісті сыртқы қызметтерге жатқызу және сыртқы қызметтерді ұсыну кезеңдері бойынша шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді жиынтықтау Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген жүргізіледі; 8) сегізінші кезеңде сыртқы қызметтерге байланысты менеджмент процестерінің жалпы және бірлескен шығындары мен активтерін бөлу базасының негізінде сыртқы қызметтердің тиісті түрлеріне бөлу жүзеге асырылады. 4. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы есептерді ұсыну 22. Мұнай тасымалдаушы ұйымдар уәкілетті органға бөлек есеп бойынша мәліметтерді ұсынады. 23. Мұнай тасымалдаушы ұйымдар осы Қағидаларға сәйкес ұсынатын бөлек есеп бойынша мәліметтер өзіне мыналарды қамтиды: 1) экономикалық ресурстардың түрлері бойынша шығындар мен активтерді тікелей жатқызу және жанама бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 2) шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтерді өндіру процестеріне бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 3) қызмет көрсететін процестердің шығындары мен активтерін өндірістік процестерге және менеджмент процестеріне бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 4) өндірістік процестердің шығындары мен активтерін сыртқы қызметтер мен қызмет бағыттарының элементтеріне бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 5) менеджмент процестерінің шығындары мен активтерін қызмет бағыттарының элементтеріне, сыртқы қызметтерге, қызметтерге байланысты бірлескен және жалпы шығындарға бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 6) қызмет бағыттарының элементтерін ішкі және сыртқы қызметтерге бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 7) менеджмент процестерінің жалпы және бірлескен шығындары мен активтерін сыртқы қызметтерге бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 8) ішкі және сыртқы қызметтерге байланысты шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді сыртқы қызметтерге бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 9) мұнай тасымалдаушы ұйымдар көрсететін қызметтерге байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді мұнай тасымалдаушы ұйымдар көрсететін сыртқы қызметтердің реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін түрлеріне бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 10) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді сыртқы қызметтер түрлеріне түпкілікті бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген; 11) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары бойынша бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген. 24. Осы Қағидаларға 18-қосымшаның «Кірістер жиыны» деген жолындағы «Жиыны» деген бағанында көрсетілген жиынтық деректер «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кіріс» және мұнай тасымалдаушы ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есебінің «Өзге қызметіне» кіретін қызметтерден түскен кірістерге сәйкес келуі тиіс. 25. Осы Қағидаларға 18-қосымшаның «Жиыны» деген бағанындағы «Шығындар жиыны» және «Амортизация жиыны» деген жолдарындағы жиынтық сома «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» және «Кезең шығыстары» деген жолдарындағы жиынтығы мұнай тасымалдаушы ұйымының кірістері мен шығыстары туралы есебінің «Өзге қызметіне» кіретін қызметтер бойынша шығыстарға сәйкес келеді. 26. Мәліметтерді мұнай тасымалдаушы ұйымдар есептілікті жылдық негізде есепті жылдан кейінгі жылдың 31 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес ұсынады. 27. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге Субъектінің басшысы, бас бухгалтері, атқарушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Уәкілетті органға мәліметтер электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Мұнай тасымалдаушы ұйымдар қызметінің бағыттары схемасы ┌─────────────────────────────┐ ┌─┤Мұнай тасымалдау ├ Сыртқы қызметтер │ └───────────┬─────────────────┘ │ │ │ │ │ │ │ Ішкі қызметтер │ │ │ ┌───────────┴───────────────────┐ ├─┤Өзге қызмет ├ Сыртқы қызметтер ──────────┬─────────────────────   Мұнай тасымалдаушы ұйымның қызметтеріне шығындар мен активтерді бөлу схемасы   Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 3-қосымша нысан Шығындар мен активтерді экономикалық ресурстарға бөлу базаларының үлгілері1 Шығындар мен активтер Белгіленген бөлу базасы Экономикалық ресурстар Еңбек ресурс­тары (персонал) Күрделі (негізгі құралдар) Ғимараттар мен құрылыстар Өткізу құрыл-ғылары Көлік құрал-дары Сорғы- лар Машиналар мен жабдық Өзге негізгі құралдар Өзге ресурстар Сорғы Өзге Технология-лық құбыржолдары Өзге Магистральдық құбыржолдары Өзге Сорғылар Жылу алмастырғыш Өзге Резервуар-лар Өзге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Шығындар Жалақы Бастапқы құжаттар Т х х х х х х х х х х х х Еңбекке ақы төлеуден аударымдар Еңбекке ақы төлеу Т х х х х х х х х х х х х Отын Бастапқы құжаттар немесе Нормативтік көрсеткіштер х Т,Ж Т,Ж х х х Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж х х х Құбырлар Бастапқы құжаттар х х х Т Т Т х х х х х х х Материалдар Бастапқы құжаттар х Т Т Т Т Т Т Т Т Т Т Т Т _______________________ 1 Көрсетілген бөлу базалары үлгі ретінде келтірілген және уәкілетті орган бекітетін мұнай тасымалдаушы ұйымдардың бөлек есеп әдістемелерінде мұнай тасымалдаушы ұйымдар анықтауға тиіс. Электр энергиясы Есептеу аспаптарының көрсеткіштері немесе нормативтік қуат х Т,Ж Т,Ж х х х х Т,Ж Т,Ж Т,Ж х Т,Ж х Жылу энергиясы Есептеу аспаптарының көрсеткіштері х Т,Ж Т,Ж х х х х х Т,Ж х х х х Сумен жабдықтау Есептеу аспаптарының көрсеткіштері х Т,Ж Т,Ж х х х х Т,Ж х Т,Ж х Т,Ж х Байланыс қызметтері Бастапқы құжаттар Т х х х х х х х х х х х х Өзге шығындар (нақтылау дәрежесіне байланысты) Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Т,Ж Активтер Қолданысқа енгізілген активтердің құны Қызмет бағытының элементіне жататындығына байланысты х Т Т Т Т Т Т Т Т Т х Т х Қолданысқа енгізілген активтердің амортизациясы Қолданысқа енгізілген активтердің құны х Т Т Т Т Т Т Т Т Т х Т х Шартты белгілер: Т – тікелей жатқызу; Ж – жанама бөлу. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 4-қосымша нысан Экономикалық ресурстарды қызметтер көрсету процестеріне бөлу базаларының үлгілері 2 Экономикалық ресурстардың атауы Қызметтерді өндіру процестері Мыналар үшін жабдықты пайдалануға байланысты өндірістік процестер пайдалануға байланысты қызмет көрсету процестері Менеджмент процестері Мұнайды тасымалдау (қыметтер- дің түрлері бойынша) Өзге қызмет (реттеліп көрсе-тілетін қызмет-тердің түрлері бойынша) электр- химқорғау құралдары арнайы техника көмекші жабдық Қаржы қызмет-тері Заң қызметтері Әкімшілік Маркетинг Еңбек ресурстары (персонал) (Т), қамтылу % немесе уақыт (Ж) (Т), қамтылу % немесе уақыт (Ж) (Т), қамтылу % немесе уақыт (Ж) (Т), қамтылу % немесе уақыт (Ж) (Т), қамтылу % немесе уақыт (Ж) (Т) (Т) (Т) (Т) Күрделі (негізгі құрал-дар) Ғимарат- тар мен құры-лыстар Сорғы (Т), Мұнай көлемі(Ж) х х х х х х х х Өзге Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер- лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Алаң, қызметкер-лер саны (Ж) Өткізу құрыл- ғылары Техноло-гиялық құбыр жолдары (Т), Мұнай көлемі(Ж) х х х х х х х х Өзге (Т) (Т) х х (Т) х х х х ____________________ 2 Көрсетілген бөлу базалары үлгі ретінде келтірілген және уәкілетті орган бекітетін мұнай тасымалдаушы ұйымдардың бөлек есеп әдістемесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдар анықтауға тиіс. Көлік құрал-дары Магис-тральдық құбыр-жолдары (Т) (Т) х х х х х х х Өзге Жүріс, уақыт (Ж) Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) (Т), Жүріс, уақыт (Ж) Сорғылар Сорғылар (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) х х х х х х х Маши-налар мен жабдық Жылу алмастыр ғыштар (Т) х х х х х х х х Өзге (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) Өзге негізгі құралдар Резервуарлар Мұнай көлемі (К) Көрсе-тілген қызмет-тердің көлемі (К) х х х х х х х Өзге (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) (Т), алаң, қызмет-керлер саны (Ж) Өзге ресурстар (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) (Т), қамтылу % (Ж) Шартты белгілер: (Т) – тікелей жатқызу; (Ж) – жанама бөлу. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 5-қосымша нысан Қызмет көрсететін процестерді өндірістік процестер мен менеджмент процестеріне бөлу3 базаларының үлгілері Көмекші бизнес процестердің атауы Өндірістік процестер мен менеджмент процестері Өндірістік процестер Менеджмент процестері мұнай тасымалдауға арналған жабдықтарды пайдалануға байланысты өзге қызметтің жабдықтарын пайдалануға байланысты қаржы қызмет тері заң қызмет тері Әкімшілік Маркетинг электр-химқорғау құралдарын пайдалануға байланысты (Т), қамтылу % (Т), қамтылу % х х х х арнайы техниканы пайдалануға байланысты Жүріс, уақыт Жүріс, уақыт Жүріс, уақыт Жүріс, уақыт Жүріс, уақыт Жүріс, уақыт көмекші жабдықты пайдалануға байланысты % жұмыспен қамтылу % жұмыспен қамтылу х х х х ____________________ 3 Көрсетілген бөлу базалары мысал ретінде келтірілген және уәкілетті орган бекітетін мұнай тасымалдаушы ұйымдардың бөлектеп есепке алу әдістемесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдармен анықтауға жатады. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 6-қосымша нысан Өндірістік процестерді сыртқы қызметтер мен қызмет бағыттарының элементтеріне бөлу базаларының4 үлгілері Өндірістік процестердің атауы Қызметтердің атауы Қызмет бағыттарының элементтерін пайдалану мұнайды тасымалдау бойынша сыртқы қызметтер Өзге қызметтің сыртқы қызметтері мұнай тасымалдауға арналған жабдықтарды пайдалануға байланысты (Т), мұнай көлемі (Ж) х (Т), мұнай көлемі (Ж) өзге қызмет бойынша жабдықтарды пайдалануға байланысты х (Т), су көлемі (Т), су көлемі (Ж) Шартты белгілер: (Т) – тікелей жатқызу; (Ж) – жанама бөлу. ____________________ 4 Көрсетілген бөлу базалары үлгі ретінде келтірілген және уәкілетті орган бекітетін мұнай тасымалдаушы ұйымдардың бөлек есеп әдістемесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдар анықтауға тиіс. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 7-қосымша нысан Қызмет бағыттарының элементтерін5 ішкі және сыртқы қызметтерге бөлу базаларының үлгілері Қызмет бағыттарының атауы Қызметтердің түрлері Мұнай тасымалдау бойынша сыртқы қызметтер Өзге қызметтің сыртқы қызметтері Ішкі қызметтер Мұнай тасымалдау (элементтер бойынша) мұнай көлемі х х Өзге қызмет (элементтер бойынша) х су көлемі Көрсетіл ген қызметтердің көлемі ____________________ 5 Көрсетілген бөлу базалары үлгі ретінде келтірілген және уәкілетті орган бекітетін мұнай тасымалдаушы ұйымдардың бөлек есеп әдістемесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдар анықтауға тиіс. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу қағидаларына 8-қосымша нысан Сыртқы қызметтерді6 ішкі қызметтерге жатқызу және сыртқы қызметт
Соңғы жаңалықтар