Коронавирус • 27 Қыркүйек, 2021

Pfizer Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды сатып алуды жеделдету шаралары туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Pfizer Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды

«Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина бар. Сонымен қатар Pfizer Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Pfizer осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізіледі деп күтілуде. Бұл ретте біз тиімділігі жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдаймыз», деді Ералы Тоғжанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Мемлекет басшысы шілде айында Қазақстан азаматтарына америкалық Pfizer вакцинасының қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.