Білім • 27 Қыркүйек, 2021

Биыл 200-ден аса жаңа мектеп салынады - Ералы Тоғжанов

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 200-ден аса жаңа мектеп салынады - Ералы Тоғжанов

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға, оны дамытуға қатысты бірқатар жүйелі міндеттерді нақтылап, белгілеп берген еді. Атап айтқанда, білім және ғылым саласы бойынша бірінші міндет - 1 мың жаңа мектеп құрылысы. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп салынды. Алайда демографиялық өсу қарқынына байланысты мектептер тапшылығы әлі де бар. Егер де бүгінде орын тапшылығы 260 мың болса, 2025 жылға дейін ол шамамен 4 есеге дейін ұлғаюы мүмкін», деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешілуі тиіс.