Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда 25 қыркүйекте жылыту маусымы басталды. Қала әкімінің мәліметінше, бүгінгі таңда көп қабатты тұрғын үйлердің 80%-ы жылуға қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды

Үйішілік және орамішілік желілерде апаттар мен ақауларды ПИК және «Теплотранзит Қарағанды» компаниясы қарайды. Осы аптада 28-ші шағын аудандағы жылу желісін қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Жұмыс аяқталған соң бірден жылу қосылады.

Жылыту маусымын іске қосу онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте талқыланды.

«Облыста жылыту маусымы басталды. Жауапкершілік аймағы үлкен. ПИК-те ешқандай сылтау болмауы тиіс. Барлық мәселе пысықталды, жылуды іске қосу және жылу көздерінің жай-күйі ерекше бақылауда. Бұрыннан инфрақұрылымға қатысты кейбір проблемалар бар. Бұл ең алдымен Теміртаудағы ЖЭО-2 мәселесі. Өткен жылдардағы барлық қателікті ескеру қажет», деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.

Биыл Шаханда орталық жылыту жүйесі іске қосылды. Облыстың оңтүстік өңірлерінде ауа райы әлі жылы, жылыту маусымы кешірек басталады. Жеңіс Қасымбек тұрмыстық өрттердің алдын алу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, мұқтаждардың үйлері мен пәтерлеріне улы газ датчиктерін орнатуды аяқтау қажет.