Форум аясында мемлекет басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.
Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.
Іс-шара – екі мемлекет арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланысын және мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылу, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау туралы мәселелерді талқылайды.
Форум соңында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.