Ел және Елбасы • 27 Қыркүйек, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдағы даму динамикасын атап өтті және М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақ-түрік ынтымақтастығының дамуы үшін жұмыс істеп келемін. Қазір біздің қарым-қатынас серпінді дамып келеді. Біз президент Ердоғанмен үнемі байланыстамыз», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде М.Шентоп жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді және Түркия Республикасы Президентінің сәлемін жеткізді.

1