Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Жетімдер құқығын қорғау бойынша Үкімет Қаулысы бекітілді

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды қорғау, жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Жетімдер құқығын қорғау бойынша Үкімет Қаулысы бекітілді

«Балалардың құқығын қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол үшін тиісті жол картасы Үкіметтің Қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ осы мәселені жан-жақтан қарау үшін өңірлерде арнайы мониторинг жүргізетін топтар да құрылды. Оған қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және басқа да азаматтар қатысып, дер кезінде осы мәселелерді қарайды», деді министр.

Одан бөлек, балалар үйлерінде тиісті қамқоршылық кеңестері құрылып, олардың жұмыстары да жаңа тәртіппен жүргізіледі.

«Тексеріс өткізудің жиілігін қайта қарастыру бойынша тиісті шаралар қабылдадық. Сондықтан тексеріс, алдын алу мәселесі осы жүйемен жүргізіледі», деп жауап берді Аймағамбетов.

Осы сұраққа брифинг барысында Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжанов та жауап берді.

«Бұл – өте маңызды сұрақ. Сол себепті ерекше бақылауда. Үкімет жанында кәмелетке толмағандарға байланысты ведомствоаралық комиссия бар. Болашақта ондай жағдайлардың болдырмауына қатысты нақты шаралар қабылданып, әр аймаққа жіберіледі», деп толықтырды Үкімет мүшесі.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25