Коронавирус • 27 Қыркүйек, 2021

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, инфекциялық стационарларда 327 науқас оқшауланған.

«Өңірде қауіпті вирус жұқтырушылардың азаюына байланысты инфекциялық стационарларда 2 352 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 13,9%-ды құрайды. Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 27 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде хал-ахуалы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 30 пайыз», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.