Медицина • 27 Қыркүйек, 2021

Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алуға шақырды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алуға шақырды

«Күз келіп күн суыта бастағанда иммунитеттің төмендей бастайтынын білеміз. Бұл - қалыпты жағдай. Осы кезеңде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану және көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу өте маңызды.

Сонымен қатар иммунитетті қорғау мен суықтан сақтаудың тағы бір жолы - уақытылы екпе алу. Қазір елімізде тұмауға қарсы жаппай вакцинация жүріп жатыр. Әсіресе тұмауға қарсы екпе алуды осал топқа жататын азаматтар арасында кеңінен жүргізу маңызды болып отыр. Осы орайда еліміздің барлық азаматтарын тұмауға қарсы вакцина алуға шақырамын», деді А.Цой Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.