Спорт • 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстан құрамасы Футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында күш сынасқан Қазақстан және Иран құрамалары арасындағы тартысты ойын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы Футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Ойын бастала салысымен қос команда да бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Әсіресе, ойынның бірінші бөлігіндегі бастапқы минуттарда қазақстандық футзалшылардың бірінші болып есеп ашатын мүмкіндіктері бір емес екі рет пайда болды. Бірақ қазақ жігіттері екеуінде де мүлт кетті. 1-таймды сәтсіз бастаған отандастарымыз қақпаларына қатарынан екі гол кіргізіп алды. 

Тек екінші таймда ойыншыларымыздың тынысы ашыла бастағандай көрінді. 

Ойынның 25-минутында Дәурен Тұрсағұлов есеп айырмасын қысқартып берді. 29-минутта Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал  Қазақстан құрамасына жеңіс әкелген үшінші голды соңғы минуттарда Тайнан соқты.

Осылайша алғаш рет Қазақстан құрамасы Футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл - ұлттық құрамамыздың ел тарихында қалатын айрықша жетістігі. Мұнымен бәрі біткен жоқ. Келесі қарсыласымыз тәжірибелі Португалия құрамасы.

Қазақстан мен Португалия құрамалары 30 қыркүейкте кезедеседі.