Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда атом саласы қызметкерлері күні аталып өтуде

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қыркүйекте Қазақстанда атом саласының қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда атом саласы қызметкерлері күні аталып өтуде

Атом өнеркәсібіндегі қызметкерлер күнін бекіту туралы қаулыны ҚР Президенті 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес 2008 жылдың 12 мамырында шығарды. Қазақстанның мерекелер күнтізбесінде атом саласы қызметкерлері кәсіби мерекесінің пайда болуы аталмыш саланың ел экономикасын дамытудағы маңызды рөлін көрсетеді.

Бүгінгі күні атом өнеркәсібі – республикадағы ғылымды қажетсінетін және тиімді салалардың бірі. Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында әлем тәжірибесіне сәйкес, ең тиімді шешім бейбіт атом делінген. Президент бір жылдың ішінде Қазақстандағы қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасының даму мүмкіндіктерін зерттеуге тапсырма берген. Қазақстанға атом электр станциясы керек пе деген сұрақ қазақстандықтарды алаңдатады. Алайда бұл сұрақтың нақты жауабы әлі күнге дейін белгісіз.

Атап өтейік, бірнеше күн бұрын Венада Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас конференциясының жыл сайынғы 65-ші сессиясы өтті. Шараға Қазақстанның өкілдері де қатысты.