Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Pfizer коронавирусқа қарсы препаратын сынақтан өткізе бастады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Pfizer фармацевтикалық компаниясы 27 қыркүйекте COVID-19 вирусына қарсы препаратының озық клиникалық сынақтары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer коронавирусқа қарсы препаратын сынақтан өткізе бастады

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Бұл аралас екінші-үшінші фазадағы клиникалық сынақтар.

Препарат PF-07321332 деп аталады, оны АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу үшін қолданылатын «Ритонавир» вирусқа қарсы дәрісімен коктейль қылып ішуге ұсынылады.

Корпорация өкілдері препараттың клиникалық сынақтарына 2 660 адамды тарту жоспарланғанын атап өтті.

Бұған дейін Pfizer басшысы Альберт Бурла пандемияға дейінгі өмірге оралу үшін тек жаппай вакцинация қажет екенін айтқан болатын.