«15 қыркүйектен бері тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе салу науқаны басталды. Эпидемиологиялық маусымда бірыңғай дистрибьютор болып табылатын «СҚ-Фармация» ЖШС «Гриппол плюс» вакцинасының 2 526 754 дозасын сатып алды. Екпе ел тұрғындарының 13%-ын қамтитын болады», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ министрдің сөзінше, тұмауға қарсы вакцина бірінші кезекте медицина қызметкері, медициналық ұйымдарды диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беретін ұйымдарға салынады.
«Бүгін 270 мыңдай адам немесе халықтың қамтылуы тиіс тобының 10,5%-ы екпе салдырып үлгерді», деді Алексей Цой.