Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көлік ұрлап, жол апатына түскен жігіт құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте орын алған.

«Патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатты. Алайда, жүргізуші оны елемей қаша жөнелді. Полицейлер ізіне түсті. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатып рульді басқара алмай, Шығыс айналма автожолында келе жатқан көліктермен соқтығысты. Алған соққыдан көліктің қауіпсіздік жастығы іске қосылды, жүргізуші есінен танып қалды, ал оның аяғы газды басқан күйінде қалды. Полицейлер көліктің есігін ашып, көлік ұрлаған жас жігіттің өмірін сақтап қалуға тырысты. Бірнеше әркеттен кейін ғана әйнекті сындырып, оталып тұрған көлік өшірілді», деп хабарлады полициядан.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күдікті Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.