Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Павлодар облысында екі жұмысшы биіктіктен құлады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Павлодар облысының өндіріс орындарында 2 жұмысшы биіктіктен құлап, зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында екі жұмысшы биіктіктен құлады

Бірінші оқиға Екібастұзда болды.

«27 қыркүйек күні сағат 13:00-де Қонаев көшесіндегі ұйым аумағында ЖШС цехындағы 30 жастағы слесарь бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде 10 метр биікті құлады», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түрлі дене жарақаттарын алған ер адам Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір зардап шегушінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оған жабық омыртқалы жұлын жарақаты, яғни омыртқаның үшінші дәрежелі қысылуының тұрақсыз сынуы диагнозын қойды. 

Екінші оқиға Павлодарда орын алды. Полиция департаменті 27 қыркүйек күні таңертең Қатаев көшесінде салынып жатқан нысанның аумағында 58 жастағы ағаш ұстасы-бетоншы баспалдақтан құлап кеткенін хабарлады. Әртүрлі жарақаттармен жұмысшы бірінші қалалық ауруханаға политравма бөліміне жеткізілді.