«Заң жобасында «мүгедек» деген кемсітушілік терминін алып тастау сияқты нормалар қарастырылған. Сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беру қарастырылған. Бүгін мұндай мәртебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қамқоршысына санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама беріледі. Бүгінгі таңда бұл шара заңды түрде бекітілмеген», деді вице-министр.
Бұдан басқа, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті түрде өтеу тетігі заңнамалық түрде енгізіледі.