Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Тұрғын үйдегі жарылыстан 25 адам ауруханаға түсті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның Гетеборг қаласында көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz

Тұрғын үйдегі жарылыстан 25 адам ауруханаға түсті

Полиция тергеу басталғанын айтты. Сальгренск университеті ауруханасының өкілі ауруханаға жеткізілген адамдар арасында үш әйелдің ауыр жарақат алғанын айтты.

Төтенше жағдайлар қызметі адамдарды эвакуациялау және ғимараттағы өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Бірнеше пәтер мен баспалдақ зақымдалған. Қазіргі уақытта жарылысқа не себеп болғаны белгісіз», деді Гетеборг қаласының төтенше жағдайлар қызметі.

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі жарылыс пен өрт аймағынан бірнеше жүз адам қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025