Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Павлодарда спорт мектебінің шатыры ортасын түсті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда спорт мектебіндегі бокс залының төбесі ортасына құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда спорт мектебінің шатыры ортасын түсті

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған.

«Оқиғаға дейін біз төбедегі жарықшақтың себебін қарап, білуге тиісті мамандарды шақырдық. Төбе құлаған кезде ішінде вахтершіден басқа ешкім болған жоқ, спорт ғимаратының меңгерушісі және мектеп директоры болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ», деді Туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Ғимарат 1984 жылы салынды, шатыры 2010 жылы, ал қасбеті 2013 жылы жөндеу жұмыстарынан өткен.

«Бұрын ғимаратта спортзалдың орнына автобаза болған. Қайта құру жұмыстарынан кейін ғимарат 6-18 жас аралығындағы балалар жаттығатын бокс залына бейімделді», делінген хабарламада.