Оқиға • 28 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

27 қыркүйекте «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесімен «Мал базар» айналма қозғалысы жағынан Жаңақоныс кенті бағытында, Оңтүстік айналма жолымен жүріп келе жатқанда қозғалыс үшін кедергі және қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, кедергіні қауіпсіз айналып өтпей, жолдың жүру бөлігі бойымен ілеспе бағытта келе жатқан 39 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жаяу жүргіншілердің жол апатынан алған жарақаттары көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан жаяу жүргінші ережелерді білуі және қатаң сақтауы керек. Белгіленген орындарда жолды кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтер кию, жол жиегімен тек көлік қозғалысына қарай жүру. Жол бөлігі нашар болса да, әсіресе қараңғы уақытта жаяу жүргінші жолдың бойымен жүрмеуі керек. Бұл өте қауіпті», деп түйіндеді Атығай Арыстанов.