Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Жапония төтенше жағдай режимін алып тастады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар комитетінің отырысы кезінде Жапония Премьер-Министрі Есихидэ Суга коронавирсқа байланысты 30 қыркүйекке дейін қолданыста болған төтенше жағдай режимі толық жойылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония төтенше жағдай режимін алып тастады

Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимі 47 префектураның 19-ына қойылған: Хоккайдо, Гифу, Айти, Миэ, Сига, Хиросима, Токио, Канагава, Тиба, Ибараки, Тотиги, Гумма, Сайтама, Сидзуока, Осака, Киото, Хёго, Фукуока, Окинава. Тағы сегіз префектураға коронавирус бойынша күшейтілген режим енгізілген.

«Вакцинация науқаны, сондай-ақ антиденелерден тұратын препаратты қолдану жалғасып жатыр, бұл жаңа инфекция жұқтыру жағдайында да тұрғындарға тұрақты медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді», деп қосты Суга.

Төтенше жағдай режимінің жойылуына қарамастан, жеңілдету біртіндеп енгізіледі деп болжанған. Бастапқыда бір ай ішінде ірі іс-шараларға қатысушылардың барынша рұқсат етілген саны бойынша шектеуді 5 мың адамнан аспайтын немесе көрермендердің жалпы санының 50 пайызынан 10 мыңға дейін немесе көрермендердің жалпы санының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде ұлғайтуға рұқсат беріледі. Сонымен қатар вирустың таралуын болдырмау жөніндегі шараларға қатысты растау рәсімінен өткен мекемелерге кешкі 9-ға дейін жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Қазір мейрамханалар, барлар мен кафелер кешкі сегізге дейін жұмыс істейді.

Соңғы алты айда, 4 сәуірден бастап, төтенше жағдай режимі немесе коронавирусқа қарсы күшейтілген шаралар режимі Жапонияның 47 префектурасының кем дегенде біреуіне таралды.