Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Атырауда 220 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 220 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті

Оның айтуынша, тұрғындарға қолайлы болуы үшін Атырау қаласы мен аудандарда 90-нан астам арнайы бұрыш ашылған.

«Атырау облысында онлайн режимінде халық санағынан 220 738 адам өтті.  Бұл – облыс тұрғындарының 33,24 пайызы. Оның ішінде 195 186 адам sanaq.gov.kz сайты, 21 552-сі egov.kz порталы, ал, 4 мыңы Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырды. Онлайн-санақтан өткендердің басым бөлігі Атырау қаласында (95 845 адам) тіркеліп отыр. Құрманғазы ауданында - 23 384, Жылыойда 22 083 адам санаққа қатысты»,  дейді Галя Мұханғалиева.