Білім • 28 Қыркүйек, 2021

Кешенді тестілеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі кешенді тестілеуді өткізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кешенді тестілеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Атап айтқанда, ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы КТ-ға қатысу үшін өтініш берген талапкерлерге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.

КТ-ға компьютерлік форматта қатысу үшін өтінішті түсушілер ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК (ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы береді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында КТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау үшін екі кезең айқындалады: 1 маусым-15 шілде, 1 қараша-15 қараша. КТ 20 шілдеден 10 тамызға дейін, 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Аталып өткендей, КТ-ны қағаз немесе компьютерлік форматта өткізу үшін жергілікті жерлерде КТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылады, оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Өңірлік Мемкомиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Комиссия бес адамнан тұрады.

Бұл ретте өңірлік мемлекеттік комиссияның төрағасы мен мүшелері тестілеу процесіне қатыспайды.

Ережелердің толық мәтінін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады, онда құжат 12 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.