Парламент үйінде мұндай еске алу шаралары жайшылықта өткізіле бермейді. Ал бұл еске алудың орны бөлек. Елбасымен бірге тәуелсіздіктің іргетасын қаласқан абзал азамат әрқашанда ел жадынан өшпек емес. Сауытбек Абдрахмановтың құрастыруымен шыққан «Азамат» атты кітаптың алғысөзінде де Мемлекет басшысы тұлғаның табиғатын таныту үшін қазақтың «азамат» деген асыл сөзін ұтымды қолданған. «Ол шын мәнінде азамат еді. Қаратай Тұрысұлы өзінің кәсіби биік өресімен, ұйымдастырушылық тамаша талантымен, елім деген, жерім деген перзенттік жүрегімен, қоғамдық белсенділігімен елдігімізді еңселеткен ерлердің ортасынан ойып тұрып өз орнын иеленді, мемлекетіміздің мығымдануына іскер басшы ретінде де, экономист-ғалым ретінде де, дара бітімді депутат ретінде де ерекше еңбек сіңірді», дейді Нұрсұлтан Әбішұлы қадірлі азаматымыз туралы.
Еске алуда қос палата төрағалары сөз алып, асыл азаматтың еліне еткен еңбегін жан-жақты баяндап берді. Мол білімі мен ерекше қабілетінің және батыл мінезінің арқасында Қаратай Тұрысов 29 жасынан лауазымды жұмыстарға араласты, деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Қай жерде жүрсе де абыройы асқақ азамат құрметке бөленді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Бүкілодақтық кәсіподақтары Орталық кеңесінің хатшысы, екі рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болды. Кеңестік кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 42-сессиясында Кеңестер Одағы атынан сөз алған қазақтың бірі де Қ.Тұрысов еді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қаратай аға Елбасының сенімді серіктерінің бірі болғаны белгілі. Алғашқы қиыншылық кезеңдерде Президент сеніп тапсырған өте жауапты лауазымды қызметтерді абыроймен атқара білген азамат екені де ел жадында. Және халқымызға, елімізге қажетті көптеген заңдарды қабылдауға тікелей ықпал етті. Олардың барлығы бүгінге дейін еліміздің өркендеуіне қызмет етіп келеді деуге болады.
Қаратай Тұрысов Мәжілісте 9 жыл бойы Қаржы және бюджет комитетін басқарып, мемлекет бюджетінің ең қажетті салаларға жұмсалуына көңіл бөліп, әсіресе, әлеуметтік жағдайды көтеруге ерекше назар аударды. Қаратай Тұрысұлының қоғамдық өмірге де белсене араласып, шын мәніндегі мемлекет және қоғам қайраткері деңгейіне көтерілгендігі де сондықтан, деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Адамгершілігі биік кішіпейіл азамат, өзіндік көзқарасы бар бірегей тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халқының ардақты ақсақалы, деп сөзін бастаған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы тұлғаның жарқын бейнесін осылайша сомдап берді. Сондықтан да қазақ зиялы қауымының айтулы өкілі Қаратай Тұрысұлының өмірбаяны қазақстандықтарға, әсіресе, жастарға жақсы үлгі-өнеге болуға тиіс.
Сенат Төрағасы сөзіне берік, ісіне мығым, кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған абзал азамат ретінде Қаратай Тұрысовты бұрынғы Одақ елдеріндегі аға буын өкілдері де ұмытпағанын тіліне тиек етті. Еңбекшілердің заңды мүдделерін қорғауға да белсенді араласқандықтан абзал азаматтың есімі кәсіподақ қызметінің шежіресінде мәңгілікке қалды. Бүкілодақтық кәсіподақтың Орталық кеңесінің хатшысы кезінде Қаратай Тұрысұлы дамушы елдер кәсіподақтарымен байланысты жолға қойып, еңбекшілердің көкейкесті мәселелерін шешуге белсене атсалысқаны да мәлім. Қаратай Тұрысұлы қарапайым адамның мұң-мұқтажын әрдайым биік қоятын. Өмірлік тәжірибесі мол, кәсіби деңгейі өте жоғары, қоғамның беталысын терең меңгерген Қаратай ағамыз өзекті мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын да жақсы білді. Оның өмірінің басты мақсаты – өз халқының тыныс-тіршілігін жақсарта түсу еді. Қаратай Тұрысұлы талабы жоғары азаматтарға қамқорлық көрсетіп, дұрыс бағытқа жол сілтей білді, деп еске алды Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл ретте Қаратай Тұрысовтың ғылымға да айтарлықтай үлес қосқан қайраткер – академик, ғылым докторы екендігі атап көрсетілді.
Сонымен қатар, еске алу шарасында Қаратай Тұрысовпен араласқан, жақын біліскен азаматтар да сөз алды. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко кеңестік дәуірде Қиыр Шығыста Сахалиндегі балықшылардың басындағы жағдайды Қаратай Тұрысовтың арнайы комиссияны бастап барып, мәселені шешкенін ортаға салды. Абзал ағамыз өмірден талай ауыр соққылар алса да, қиындыққа еш мойымаған жан.
Ал Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Парламент шаңырағында мемлекетке еңбегі сіңген Қаратай Тұрысов сынды тұлғаларды имандылықпен, парасаттылықпен және адами тұрғыдан еске алу ұтымды дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы деген тұрғыдағы ойымен бөлісті. Өз естелігінде депутат Жоғарғы Кеңесте орын алған бір жағдайды сөз етіп, жұртты бір ду күлдіріп те алды. Ол кез алғашқы нарықтық қарым-қатынастардың орнаған кезі болса керек. Мінберге көтерілген Қаратай ағамыз нарықтық қарым-қатынастардағы экономиканың тұрақтылығы тұрғысындағы баяндамасын 40 минут жасаған көрінеді. Баяндама аяқтала салысымен біреу тұра салып: «Қаратай Тұрысұлы, енді біз капиталист боламыз ба, ал еліміз капитализмге өте ме?» деп сұрақ берген ғой. Зал енді қанша уақыт түсіндіреді екен деп қарап қалған. Сонда ағамыз: «Мен қайдан білейін», деп дегбірі қашып отырған елді бір ду күлдіріпті.
Міне, осындай естеліктерімен Сенат депутаты Александр Савченко мен Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова да бөлісті.
Мәжілісте өтіп отырған бұл еске алу шарасы игі дәстүрге айналып жатса, өте орынды дер едік. Мұндай шара алдыңғы буынның еліңе сіңірген еңбегін ашып көрсете отырып, кейінгілерді еліне адал, халқына қорған болатындай етіп тәрбиелеуге негіз қалайтыны айтпаса да түсінікті. Ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан қарасақ, бұл шараның «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасын қалыптастыруда өзіндік тәрбиелік сипаты да бар екені күмәнсіз.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47