Теннис • 28 Қыркүйек, 2021

Юлия Путинцева Грузия теннисшісін тізе бүктірді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінде Зарина Диастың жеңісті жолын Юлия Путинцева жалғастырды.

Юлия Путинцева Грузия теннисшісін тізе бүктірді

Әлемнің 47 ракеткасы Юлия Путинцева грузиялық Екатерина Горгодземен кездесті. 29 жастағы Қап тауы бөктерінен келген бұрымдының бағындырған пәлендей белестері жоқ. Бұл күндері ол үздіктер рейтингінде 162-орынға табан тіреуде. Ортаң қол ойыншыны ұту Путинцева үшін айтарлықтай қиындық туғызған жоқ – 6:1, 6:2. Енді Юлия беларуссиялық Вера Лапкомен кездеседі.