Теннис • 29 Қыркүйек, 2021

Жібек жеңіліп қалды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің ал­­ғашқы күні артта қалды. Дүйсенбіде жерлес­те­рі­міз­ден жалғыз Жібек Құ­лам­баева ғана кортқа шық­­қан еді. Өкінішке қа­рай, тұ­саукесер кездесуінде ол же­ңілістің кермек дәмін татты.

Жібек жеңіліп қалды

Жібек аталған жарысқа қаты­сып жатқан ең мықты ойын­шыларының бірі Элисон ван Эйтванкпен шеберлік байқасты. 27 жастағы Бельгияның өкілі бұл күндері әлемдік рейтингте 89-орында тұр. Кезінде ол Ролан Гарростың ширек финалына шығып, Уимблдонның төртінші кезеңіне дейін жеткен. WTA турнирлерін төрт рет ұтты. Осы көрсеткіштерінің арқасында үздіктер тізімінде 37-орынға дейін көтерілді. Иә, 21 жастағы қазақ қызында ондай елеулі табыстардың бірі де жоқ. Ол әлемдік рейтингте 524-сатыға жайғасқан. Екеуара бәсеке 1 сағат 29 минутқа созылып, 6:3, 6:4 есебі­мен бельгиялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Сол күні өткен өзге кездесулерде мынадай нәтижелер тіркелді: Анастасия Гасанова (Ресей) – Юлия Готовко (Беларусь) 6:1, 6:1. Алек­сандра Крунич (Сербия) – Кэйти Бултер (Ұлыбритания) 3:6, 6:3, 7:5. Леся Суренко (Украина) – Виталия Дьяченко (Ресей) 6:1, 3:1 (Rt), Анна-Лена Фридзам (Германия) – Арина Радионова (Аустралия) 4:6, 6:4, 6:2. Варвара Грачева (Ресей) – Кристина Плишкова (Чехия) 6:3, 7:6.

Кеше Юлия Путинцева грузиялық Екатерина Горгодземен ойнаса, Анна Дани­лина франциялық Кристина Младеновичпен сайысқа түсті. Ал Зарина Диас ресейлік Анастасия Захаровамен шеберлік байқасты.