Ұлттық спорт • 29 Қыркүйек, 2021

Сәттілік саған, Алина!

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғызқұмалақ Қазақстан егемендігіне қол жеткізген жылдан бері қарқынды дамып келеді. Бұл жерде елімізде құрылған Тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп жүр.

Сәттілік саған, Алина!

Жақында Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің «Ас­тана» өңірлік қолбасшылығы әскер­леріне қарасты 06708 әскери бөлімінде тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Сайыс сарбаздар мен оқушылар арасында өрбіді. Сарбаздар қа­тарын 06708 әскери бөлімнің мер­зімді әскери қызметтегі әске­ри қызметшілері құраса, оқу­шылар легін комму­налдық ме­ке­месінде білім алып жүрген тоғызқұмалақты үйренуші жас жеткіншектер толықтырды. Аса тартысты өткен ұлттық өнер сайы­сында алға суырылып шық­қан­дар қатары анықталды.

 Ақтық сында тамаша өнер көрсеткен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» ком­муналдық мем­лекеттік меке­месінің 9 «б» сынып оқу­шысы Алина Кәрімова жарыс жеңімпазы атанды. Ал жүл­делі ІІ орынды 06708 әскери бөлі­мінің қа­тардағы жауынгері Айдын Кен­же­бай иеленсе, ІІІ орын 06708 әс­ке­ри бөлімінің қатардағы жа­уын­гері Дәурен Тазабаевқа бұйыр­ды.

 Айта кетерлік жайт, осы тоғыз­құмалақ сайысының жеңімпазы Алина Кәрімова биылғы онлайн фор­матында өтетін VII рес­пуб­ликалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жиынының бағ­дар­­ламасына енгізілген тоғыз­құ­ма­лақ сайысында бағын сына­мақ­шы.

Ендеше, әскери ортада өткен жарыста жеңістің биік тұғырына кө­терілген Алинаға сәттілік тілей­міз!

Тілек КЕНЖЕБЕКОВ