06 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №745

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасында  Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №745

Соңғы жаңалықтар