Әлем • 29 Қыркүйек, 2021

Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан асып түсетін зымыран ұшырды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея алғаш рет "Хва-сон-8" деп аталатын жылдамдығы дыбыстан да асып түсетін зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Корея жылдамдығы дыбыстан асып түсетін зымыран ұшырды

Сынақ кеше елдің солтүстігіндегі Чаган-до провинциясындағы полигонда жүзеге асырылды.

Оның барысында гипер-дыбыстық қарудың мүмкіндіктері және өзге де  техникалық ерекшеліктері тексерілген. Бірақ зымыран қанша шақырымға дейін ұшырылғаны белгісіз. Ақпарға қарағанда, бұл гипер-дыбыстық қаруды осы елдің Әскери ғылым академиясы жасап шығарған. Ал осы Солтүстік Кореямен көршілес Жапония бұл сынақ аймақтағы қауіпсіздікке қатер деп, наразылығын білдірді.