Елорда • 29 Қыркүйек, 2021

Елордада 297 млн теңгеге жер сатып алынады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов елорда әкімдігі қала қажеттілігі үшін 13 жер учаскесін 297 млн теңгеге сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 297 млн теңгеге жер сатып алынады

«Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының қарауына 297 млн теңге сомасына жалпы ауданы 0,49 гектар 8 нысан бойынша 13 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарттың жобасын ұсынады. Жер учаскелерін сатып алу келесі нысандар бойынша жүзеге асады. Бірінші учаске - Күмісбеков пен Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысындағы орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысы. Екіншісі – Құдайбердіұлы даңғылы бойында 2/1 және 2/2 үйлері маңындағы орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған учаске», деді басқарма басшысы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезекті сессиясында.

Оның айтуынша, үшінші учаске Уәлиханов көшесінен Жиенқұлова көшесіне дейінгі аралықта Дүкенұлы көшесін салу үшін қажет. Өндіріс тұрғын үй алабында мектеп салу үшін төртінші жер учаскесі қала мұқтаждығына алынады. Бесінші учаскеде Бөгенбай батыр даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін Сарыарқа даңғылынан салынады. Алтыншы және жетінші учаскелерде жол құрылысын салу көзделген. Ал Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голь көшесі қиылысындағы сегізінші учаскеде орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

«Барлық жер учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен таныстырылды. Жазбаша келісімдері бар», деп нақтылады басқарма басшысы.