Хоккей • 29 Қыркүйек, 2021

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Металлург» командасымен кездеседі

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Металлург» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 53 мәрте шеберлік байқасты. Оның 18-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» бұдан бұрын елордада Ресейдің «Автомобилист» командасынан овертаймда 5:4 есебімен басым түсті.