Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

Байзақ ауданын қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады?

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараздағы өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен брифинг өтті, деп жазады Egemen.kz.

Байзақ ауданын қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады?

Аймақ басшысы 26 тамызда 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыстар кезінде 17 азамат қаза тапқанын атап өтті. Бір адам із-түзсіз жоғалған.

Қаза болғандардың ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, прокурорлар мен әскери қызметшілер бар. Жағдай салдарынан 176 объектіге зақым келген. 112 мердігер қалпына келтіру жұмыстарын бастады, оған 22 бірлік техника мен 187 жұмысшы тартылды.

Демеушілер есебінен 4,8 млн теңге сомасына 76 нысан қалпына келтірілген.

«Байзақ аймағындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын 30 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда», деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.