Коронавирус • 29 Қыркүйек, 2021

Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады?

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирусты көбінесе кімдер жұқтыратынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады?

Алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау бойынша соңғы екі аптада еңбекке қабілетті жастағы адамдар көп сырқаттанған.

«14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ға өсті. Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28%, 40-59 жасында - 22% және 60 жастан асқан адамдар - 23%», деді Әсел Қалықова.