Президент • 29 Қыркүйек, 2021

Президент көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың отбасына көңіл айтты

1115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың отбасына көңіл айтты

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Вячеслав Хаменұлы үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті. Ол Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Еліміздің мүддесін шетелде абыроймен қорғады. Сыртқы істер саласында зор беделге және құрметке ие болған Вячеслав Ғиззатовты жас дипломаттар үлгі тұтты. Ол өзінің сіңірген қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік наградалармен және медальдармен марапатталды. Вячеслав Хаменұлының жарқын бейнесі туыстары мен жақындарының, достары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», делінген жеделхатта.