Қазақстанда тауарларды таңбалап, қадағалау үшін екі өлшемді Data Matrix коды таңдалды. Қазан айынан бастап елімізде темекі өнімдеріне міндетті цифрлы таңбалау қолданылады. Қазірдің өзінде Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы кез келген өнім туралы барлық қажетті ақпаратты алуға және оның заңдылығына көз жеткізе аласыз.
Data Matrix кодының артықшылығы қандай дегенге келсек, QR код, RFID белгілер және штрих-код нұсқаларымен салыстырғанда оны қолдан жасау мүмкін емес. Бұған шифрлаудың криптографиялық тәсілдері мүмкіндік беріп отыр. Демек, аталған цифрлы таңбаның қорғаныш жүйесі жан-жақты қарастырылғанын байқауға болады.
Басқа аналогтармен салыстырғанда Data Matrix көлемді ақпаратты қамтуға қауқарлы. Мәселен, есептеуге арналған ақпарат 2 килобайтқа дейін жетуі мүмкін.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтқандай, тауарларды сәйкестендірудің осы түрі аса қымбатқа шықпайды, яғни оны қолдану таңбаланған тауарлардың құнына айтарлықтай әсер етпейді. Data Matrix кодының басты артықшылығы – оның көлемінде. Бұл таңбаны кішкентай қаптамалар мен заттаңбаларға енгізген ыңғайлы. Осы екі өлшемді код түрі қазір Еуропада, АҚШ-та, Ресейде, Беларусьте және басқа да мемлекеттерде қолданылып жүр.