Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Ресейдің шекаралас облыстарындағы әріптестерімен телекөпір ұйымдастырылды. Кездесу барысында олар есірткі қылмысына және көлік ұрлығына қарсы күрес шараларын талқылады.
Қатысушылар қылмыстың ашылуына ықпал ететін ақпаратты жылдам алмасуға келісті.
Биыл полицейлер Ресейде ұрланған 6 көлікті облыс аумағынан тапқан. Оларға қатысты ақпаратты дереу ресейлік әріптестеріне жіберген.
Жыл басынан бері облыста 159 есірткі қылмысы анықталды, 300 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленді, 6 наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды. Оның ішінде үшеуі синтетикалық препарат өндіруге арналған.
Сонмыен қатар өңірде есірткі заттарын жарнамалайтын 23 сайт анықталып, шара қолдынылған.