Қаржы-мониторинг агенттігі жария лауазымды тұлғалар мен олардың жақын туыстары ақшамен және өзге мүлікпен жасаған операцияларды қадағалайтын болады. Тиісті нормалар Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжілісмен Сергей Симонов бұл заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта біздің еліміз 2022 жылдың басында жоспарланып отырған қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өзара бағалауының екінші раундын өткізуге дайындалуда. Осыған байланысты ұлттық заңнамаға ФАТФ-тың халықаралық стандарттарынан (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу топтары) туындайтын ұсынымдарды имплементациялау қажет», деді ол.
Оның айтуынша, заңнамалық шаралар сарапшыларда өзара бағалау кезінде туындауы мүмкін сын-ескертпелерді болдырмауға мүмкіндік береді. Яғни, бұл шаралар кейіннен біздің елімізді халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан ықтимал экономикалық санкциялардан (эмбарго) сақтандыруға мүмкіндік береді. Заң жобасында алдын алу сипатындағы бірқатар негізгі жаңалықтар бар.
«Бірінші - ҚР жария лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын ақшамен және өзге мүлікпен жасалатын операциялар бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу. Бұл тұлғалардың тізімін ҚР Президенті бекітеді. Ал қаржы мониторингі агенттігі өз кезегінде осы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жүргізетін болады. Яғни, Қазақстанның жария лауазымды тұлғалары мен олардың жақындары қаржы мониторингі субъектілерінен тиісті қызметтерді алған кезде қолданыстағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес шетелдік жария лауазымды тұлғалар сияқты қосымша тиісті тексеруден өтеді», деп нақтылады мәжілісмен.
Жалпы, бұл норма қаржылық ашықтыққа қол жеткізуге және саяси маңызды лауазымды тұлғалардың сеніп тапсырылған өкілеттіктерін пайдалануына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
«Екінші - цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу. Жоғарыда аталған тұлғаларға қаржы мониторингі субъектілері мәртебесін беру көбінесе цифрлық айла-шарғы жасау арқылы жасалатын заңсыз ақша қаражатын жылыстатуды қудалауды оңтайландыруға және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін цифрлық қызметтер саласында туындайтын қатерлерге және ҚР аумағы шегінде осындай виртуалды платформаларды заңсыз пайдалануға дайындауға мүмкіндік береді», деп хабарлады парламентші.
Үшіншісі - мекеменің заңды иесі туралы ақпараттың (тікелей немесе жанама) ашықтығын белгілеу мақсатында Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің деректеріне рұқсат беру.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданыстағы 5-бабы бойынша клиенттер қаржы мониторингі субъектілеріне өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы мәліметтер қазіргі уақытта уәкілетті органға еркін нысанда ұсынылады. Сондықтан ұсынымдарды толық имплементациялау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және ҚР Ұлттық банкімен келісім бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің қаржы мониторингінің белгілі бір субъектілеріне бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну нысанын белгілеуді көздейтін түзетулер ұсынылады», деп атап өтті депутат.
Ол заң жобасын қабылдау және іске асыру ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді деп қорытындылады.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар