Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021

Қарағандылық бақташы ауылдасын атып тастады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында мас бақташы ауылдасын атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандылық бақташы ауылдасын атып тастады

29 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданында Қ.Аманжолов ауылынан 3 шақырым жерде даладан денесінде оқ жарақаттары бар 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

«Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Осыған байланысты жәбірленуші оған ескерту жасаған. Салдарынан екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, соңында ұсталған азамат қарумен жәбірленушіні атып тастаған», деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлерімен қылмыс қаруы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.