Президент • 30 Қыркүйек, 2021

Тоқаев Ресей Президентіне ризашылығын білдірді

896 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев Ресей Президентіне ризашылығын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге эпиемдияның алғашқы кезеңінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

«Ресей қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек заттарын жеткізіп, тест-жүйесін ұсынды. Қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға жан-жақты көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен иық тірестіре жүріп, ең күрделі өңірлерде жұмыс істеді, өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарды. Тәжірибесін және білімін бөлісті. Осынау кезеңде ынтымақтастығымыздың жеке маңызды кезеңі біздің жүзбе-жүз уағдаластығымызды жүзеге асыру үшін Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында «Спутник V» вакцинасы өндірісінің іске қосылуы болды. Мұның барлығы да Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екенін дәлелдеді», деді Президент.