Экология • 30 Қыркүйек, 2021

Путин Тұран жолбарысына қызығушылық танытты

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Экология министрі Серікқали Брекешевтің баяндамасына қызығушылық танытты, деп жазады Egemen.kz.

Путин Тұран жолбарысына қызығушылық танытты

ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев баяндамасында елдегі жолбарыс популяциясы туралы айтты. Ресей Президенті қызығушылық танытып, Қазақстанда бұрын-соңды жолбарыс болған-болмағанын сұрады.

«Әңгіме Тұран жолбарысы туралы болып отыр. Оның соңғы түрлері өткен ғасырдың 30-шы жылдары байқалды, содан кейін Ұлы Отан соғысы басталар алдында Қазақстан аумағынан жоғалып кетті. Сондықтан қазір біз осы жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жобаны дамытып жатырмыз», деді Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев.

Ресей Президенті Кавказдағы барыстардың кейбір популяциясын қалпына келтірумен айналыстқанын, Сібірдегі Ілбіс те қалпына келтірілгенін айтты. Алайда мүлдем жоғалып кеткен жануарларды қалпына келтіру өте үлкен мәселе екенін атап өтті.

Тоқаев бұрынғы популяцияны қалпына келтіру үшін биологтар жұмыс істеуі керектігін айтты.

«Біз үкіметтік және сараптамалық деңгейде қуана-қуана қосыламыз, тәжірибемізді бөлісеміз. Сіздермен бірге жұмыс істейміз», деді Путин бұл туралы.