Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2021

Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

1054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Серік Манзоров Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Серік Манзоров 1983 жылы туған.

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Вест Коаст университетін (Ұлыбритания) кәсіпкерлікті басқару мамандығы бойынша, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 2006 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында бастады.

2009 жылға дейін Алматы қаласының облыстық әкімдіктерінде маман болып жұмыс істеді.

2010 жылдың қарашасынан 2013 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы Түрксіб және Медеу аудандары бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары болды

2013-2015 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

Соңғы лауазым Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.