«Жол апаты 29 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды. №127 маршруттық автобус Саран маңындағы тасжолда трактормен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша алғашқы тергеу шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оқиғадан барлығы 21 адам зардап шеккен. Оның бесеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды.
«Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді», деп хабарлады ведомствода.