Медициналық көмектің жаңа перспективалық жолдары ашылып, біраз жаңалық енгізілді. Мысалы, жүрекке, нейрохирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық, жас балалардың туа біткен кемістіктеріне және басқа ағзаларға ота жасау деңгейі әлемдік деңгейге жетті десек қателеспейміз.

Тіпті, ағзаларды (жүрек, бауыр, бүйрек және т.б.) алмастыру (трансплантология) оталары тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы клиникаларда кеңінен қолданылуда. Біраз маман-дәрігерлер шетелдік клиникаларда арнайы дайындықтан өтіп, елімізде дәрігерлік көмектің көкжиегін кеңейте түсуде. ЭКО (экстрокорпоралдық жолмен ұрықтандыру) арқылы баланы өмірге әкелу ісі қолға алынуы нәтижесінде соңғы 26 жылда 25 мыңнан астам бөбек дүниеге келіп, ата-аналарын қуантып отыр. Биыл ЭКО арқылы көмек квотасы 7 мыңға дейін өсті. Бұл қол жеткізген жетістіктерімізден бір ғана мысал.
Әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау ісінің жақсаруына өз үлесін қосып отыр. Науқастарды стационарларға жатқызу, емдеу, оңалту жолдары біраз өзгеріске ұшырады. Жоспарлы түрде емделетіндер емханада толық тексеруден өтіп барып, портал арқылы стационарлық ауруханаға жатқызылады. Ал ерте кезде қит етсе болды, тіке барып ауруханаға жата беретін, ал бүгінде шұғыл жағдайда ғана порталсыз барады. Егер ертеде стационарда бірнеше апта емдесе, қазір әрі кетсе 10-14 күн емдейді. Әрі қарай негізгі оңалту ем-шаралары амбулаториялық жағдайда, яғни үйде немесе арнайы оңалту емдеу мекемесінде жүргізіледі. Бұл бізде ғана емес, әлемдік практикада қолданылып жатқан тәсіл.
Қазір әлемді дүрліктіріп отырған коронавирус пандемиясы бәзбір жүйелерді қайта қарауға, өзгерістер енгізуге мәжбүрлеп отырғаны аян. Аурулардың алдын алу мәселесі алғы шепке шықты. Кеңес заманындағы «Болашақта денсаулық сақтау ісі профилактикалық медицинада болады» деген КСРО-ның алғашқы Денсаулық сақтау министрі Н.Семашконың сөзі орынды екенін мойындауымыз керек.
Кезінде денсаулық сақтау саласының майталманы, жаңашыл дәрігер, көп жылдар Алматы медициналық университетінің ректоры, Денсаулық сақтау вице-министрі болып еңбек еткен, медицина ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Айқын Ақанов профилактикалық медицинаға көпшіліктің көңілін аударып, республикада «Саламатты өмір салты» орталықтарын ашуға зор үлес қосты. Халық арасында санитарлық-медициналық білімді жетілдіруге осы «Саламатты өмір салты» орталықтарының, бұрынғы Кеңес заманындағы «Санитарлық ағарту үйлері» сияқты көмегі мол болды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары сол санитарлық-медициналық ағарту ісі қожырап, тіпті жоққа айналды. Қазіргі жұрт ел арасында қаңқу сөздерге, жалған, дүмбілез ақпараттардан сауатын «жетілдіріп» кімдікі рас, кімдікі жалған екенін түсіне алмай, бастары қатып, дал болып жүргенін көріп жүрміз. Әлеуметтік желіде де нешебір желдей ескен фейк хабарлардан көз талады. Cөйтіп, солардың барлығы жиналып келіп жұртты түсінбеушілікке апарып ұрындырады. Мысалы, алысқа бармай-ақ қазіргі коронавирус пандемиясы туралы, оның таралу жолдары, клиникалық белгілері, емдеу тәсілдері мен алдын алу шаралары, екпе егу (вакциналау) жайлы кім не жазбай, не айтпай жүр? Ковидті қойдың құйрық майымен, зімбірмен, лимонмен, пияз-сарымсақпен, саумалмен, шұбатпен, спиртпен, арақпен және сол сияқты заттармен емдеуге болады деген мәліметтерден құлақ тұнады. Солардың барлығын түйсіктеріне түйіп алған пациенттер және оның туысқандары дәрігерлерге сенімсіздікпен қарап, қарсылық көрсетіп, дәрігерлердің емдеу тактикасына кедергі жасап жататыны жасырын емес. Қазіргі кезде қара халық дәрігерлерге емес, емшілерге, тәуіптерге, сынықшыларға, құмалақшыларға көбірек сенетін болып бара жатқанын байқап отырмыз. Неге олай болды? Өйткені медициналық көмек алу мәселесі ертерекпен салыстырғанда едәуір күрделеніп кетті. Уақытысында балалар емханасы, әйелдерге кеңес беру орталығы, туберкулез диспансері жалпы емханадан бөлек, дербес болатын. Қазіргідей бір емханаға барлығы «тоғытылып», ығы-жығы, айқай-шу болмайтын. Бүгіндері дәрігерге көріну «қияметтің қияметі» болғанын көріп жүрміз: кабинеттер алдында топ-топ болып жиылған халық, жылаған жас бала, жөтеліп-қақырып отырған таяқ сүйенген қарт кісі, демін әрең алып отырған аяғы ауыр келіншек және т.б. Бір күнде тексеріліп шығу мүмкін емес. Осыны көріп, тауы шағылған науқас дәрігерлерге емес емшілерге, сынықшыларға кетуде. Келмеске кеткен Кеңес дәуірін аңсап отыр, ностальгия деп ой түймеңіз. Ол кезеңнің де жақсы, жағымды істері, дәстүрі, жөні мен жүйесі болғанын неге ұмытамыз? «Барлығын қиратып, жаңадан бастаймыз» дегеніміз ақылға сыя ма?
Ой таразысынан өткізсек, халық арасында белгілі білгір ғалым-дәрігерлер есімдерін білетіндер азайып кетті. Олар газет-журналдар, телеарналар арқылы халық алдына көп шыға бермейді. Соның салдарынан халық арасында санитарлық-медициналық білім саласы тоқырауға ұрынды. Телеарналар көп ретте шоулармен, берекесіз концерттермен, конкурстар мен байқаулармен, мардымсыз, ойсыз сұхбаттармен, сериалдармен қабаттасқан, жағаласқан жарнамалар көпшілікті мезі етті. Неге бір мезгіл білімді де білікті медицина қызметкерлерін телеарнаға шақырып, салиқалы хабарлар жүргізбеске? Оны реттейтін кім? Бала кезімізден есімізге жатталып қалған, негізгі мамандығынан бөлек санитарлық-ағарту ісіне ерекше мән берген академиктер И.Қарақұлов, Б.Атшабаров, К.Ормантаев, Т.Шарманов, профессорлар Е.Оразақов, С.Балмұханов, С.Әміреев сияқты ғалым-дәрігерлер бүгінде неге жоқ? Қазіргі белгілі ғалым-дәрігерлер уақыттың ығына мүлде көніп кетті ме? Неге олардың белсенділігі төмен? Халық алдына шығып неге жөн көрсетпейді? Көпшілік халық үшін арнайы санитарлық-ағарту тақырыбында басылып, қолға тиер кітаптар, кітапшалар көзден бұл-бұл ұшты. Неге? Мемлекеттік тапсырыстар оларға неге жоқ? Әлде ерте замандағыдай балгерлер мен бақсыға жол беріп жүре береміз бе? Ойланатын мәселе...
Айта берсек, бұл бағытта ортаға салатын мәселелер, ақсап жатқан, жетіспейтін, жүргізілмей тұралап жатқан іс-шаралар аз емес. «Ауруды емдеп-жазғаннан гөрі, оның алдын алу жеңілірек» деген қанатты сөз орынды айтылған. Кез келген аурудың алдын алмайынша оны емдеп жеңеміз деу үлкен қателік. Сондықтан профилактикалық медицинаны көлеңкеде қалдыруға еш болмайды. Бұл әркез медицинаның бір басты саласы деп қабылдаған жөн. Созылмалы аурулары бар адамдарды диспансерлік есепке алып, мезгіл-мезгіл медициналық тексеруден өткізіп, дер кезінде ем жүргізудің де мәнісі зор. Жүрекке, миға күрделі оталардан кейін, қимыл-тірек органдарының аурулары мен сүйек жарақаттарының салдарынан туындаған дертті дер кезінде оңалту (реабилитация) мәселесі де күн тәртібінен түспеуі керек.
Қазақ атамыз ежелгі заманда-ақ «Басты байлық – денсаулық» деп тауып айтқан. Денсаулығы жоқ адамға байлық та, қызмет те, атақ та көк тиынға қажеті жоқ. Халық денсаулығы қандай қоғам, қай мемлекет болсын баға жетпес байлық болып қала бермек. Барлық жетістік, табыс, жаңалық адам игілігіне қызмет ету керек.
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор
Жолаушылар тасымалы: Баға жоғары, сапа төмен
Қоғам • Бүгін, 20:46
Әлем • Бүгін, 20:44
Сайлауды ҚХР мен Аустралия бақылайды
Әлем • Бүгін, 20:43
Әлем • Бүгін, 20:41
Жаңарған Конституция: Не? Қашан? Қалай?
Қазақстан • Бүгін, 20:40
Жаңа саяси мәдениетті құрудағы маңызды қадам
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Зауыттың мәселесі «вагон-вагон»...
Аймақтар • Бүгін, 20:35
Делдал компаниялар: Экономиканың досы ма, қасы ма?
Экономика • Бүгін, 20:34
Еркін Тұқымов: Әлемде жас ғалымдар үшін күрес жүріп жатыр
Сұхбат • Бүгін, 20:32
Мүгедектігі бар жеті мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 20:31
Киберқылмыспен киберзаңгер күресуге тиіс
Қоғам • Бүгін, 20:28
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Шымкент бюджеті 4 жылда 4 есе өсті
Аймақтар • Бүгін, 20:25
Тарих • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:22
Санадағы сілкініс немесе күрескердің қалыптасуы
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:18
Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 20:17
Мобильді интернетті тұтынатындар көбейді
Қоғам • Бүгін, 20:16
Теннисшілер «Президент кубогында» бақ сынайды
Теннис • Бүгін, 20:15
Тұманды Альбионда топ жарған команда
Аймақтар • Бүгін, 20:14
Руханият • Бүгін, 20:00
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:55
СҚО-да балық аулау тәртібін бұзғандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 18:10
ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:28
Алматыда 36 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:40
Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:55
3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:15
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Ұқсас жаңалықтар