Қазақстан • 01 Қазан, 2021

Әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық талап күшейтіледі

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен «Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық талап күшейтіледі

Атап айтқанда, көлік нысандарында санитарлық ережелерге сәйкес дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізілуде.

Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында санитариялық-эпидемияға қарсы келесі іс-шаралар жүргізіледі:

  • Ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелері бойынша тазалау, жуу, дезинфекциялау, ауыстыру және басқа да жұмыстар жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі;
  • Барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет 15 минуттан кем емес жиі желдету;
    нұсқамаға жауапты адамды бекіту, Жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар) уақтылы ауыстыру,
  • Дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын жабдықтау және қадағалау, нұсқаманы өткізудің кезеңділігі, қорғау құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдарының қорын толықтыру бойынша журнал жүргізу;
  • Қызметкерлер арасында инфекциялық және паразиттік аурулар кезінде жеке қорғану құралдарын (маскалар, қолғаптар) пайдалану алгоритмі бойынша, жеке (қоғамдық) гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
  • Шектеу іс-шараларын, оның ішінде инфекциялық және паразиттік ауруларға байланысты карантинді енгізу кезеңінде-қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркей отырып, ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауалнама және термометрия жүргізе отырып, қызметкерлерді медициналық бақылау;
  • Болмау себебін анықтай отырып, персоналдың жұмысқа шығуына күнделікті мониторинг;
    өзіндік қауіпсіздік қызметімен немесе білікті персоналмен ғимаратқа кірген кезде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру;
  • Жолаушылар болатын орындарда жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау, жолаушылардың қолдарымен жанасуын болдырмайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
  • Өз қаражаты есебінен немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша эпидемиологиялық айғақтар бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар;
  • Ауру белгілері бар жолаушылар анықталған кезде қорытынды дезинфекция, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында жолаушылардың болу орындары.

Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал тексеруге жіберіледі.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.