Әлем • 01 Қазан, 2021

Саакашвили Грузияға оралғанын мәлімдеді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили әлеуметтік желілерде елге оралғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саакашвили Грузияға оралғанын мәлімдеді

«Қайырлы таң, Грузия! 8 жылдан кейінгі Грузиядан» деп жазды саясаткер Facebook-те.

Кейін Саакашвили парақшасында видеохабарлама жариялады. Ол өзінің Батумиде екенін айтты.

Қыркүйектің басында Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили муниципалдық сайлау қарсаңында елге оралатынын жариялап, отандастарын одан үлгі алуға шақырған болатын.

Михаил Саакашвили 2013 жылы Грузиядан кетіп, оған қарсы бірқатар қылмыстық істер қозғалған. Олардың кейбірінде Саакашвили сырттай бас бостандығынан айырылған болатын. Грузия билігі Саакашвили Грузияға оралса, оны ұстайтынын бірнеше рет мәлімдеді.